Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада кеңседен қызметтік ноутбукті қолды қылған азамат анықталды

Астанада кеңседен қызметтік ноутбукті қолды қылған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 48 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында белгілі болғандай ер адам кешкі уақытта қаланың сол жақ жағалауындағы бизнес орталықтардың біріне келген.

Күдікті жұмыс уақыты аяқталғанға дейін белгілі бір жерде жасырынып, кеңсе қызметкерлерінің барлығы үйіне кетіп қалған сәтті күтіп, кеңседен Asus қызметтік ноутбугін жасырын ұрлап әкеткен. Келтірілген материалдық шығын 321 мың теңге көлемінде бағалануда.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адам өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру