Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық патрульдік полиция мамандандырылған батальонының жұмысы жайлы

Астана ПД патрульдік полиция мамандырылған батальон қызметкерлерінің жұмысы, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальоны 1997 жылғы желтоқсанда ҚР ІІМ министрінің бұйрығымен құрылды. Батальонның қалыптасу кезеңінде оны полиция майоры Владимир Козак басқарды, ол екі жыл ішінде Алматы және Астана қалаларынан іссапарға жіберілген полиция қызметкерлерінің қатарынан іргесін қалады. Қызметтің басында батальонның штат саны жеке құрамның 108 бірлігі, яғни 4 взвод болды. Владимир Романович Астана қаласы ІІД, ЖПБ, ҚР ІІМ әртүрлі басшылық қызметтер атқарды және генерал-майор атағымен еңбек сіңірген демалысқа шықты.

1998 жылы полиция подполковнигі Серік Әубәкіров басқарған батальон штаты тағы екі взводқа ұлғайтылды. Батальонның жеке құрамы негізгі міндеттерді ҚР Президентінің Күзет қызметімен бірлесе отырып орындайды. Күзетілетін адамдар мен ресми делегациялардың ерекше мақсаттағы автомобильдерін сүйемелдеу және эскорт жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, қоғамдық тәртіпті сақтау және арнайы тапсырма бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жекелеген мамандандырылған батальонның жеке құрамы 2010 жылғы желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммитін өткізгенде және 2011 жылғы ақпанда “Астана және Алматы қалаларындағы VII қысқы Азия ойындарын” өткізу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Өз қызметі барысында жол полициясының жеке мамандандырылған батальоны жас елордада өткізілетін қоғамдық және саяси маңызы бар барлық іс-шараларға қатысты. Қазақстан 2001 жылдың қыркүйегінде Рим Папасы Иоанн Павел II мемлекеттік сапармен келген бұрынғы КСРО республикаларының алғашқы елі болды. Сапар барысында бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қабылданды, оны жол полицейлері де лайықты қамтамасыз етті.

Сонымен қатар 2005 жылғы қаңтарда, қайтадан сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурация рәсімін өткізу кезінде, ауа температурасы 40 градустан төмен болатын күрделі климаттық жағдайларда мамандандырылған батальон қызметкерлері Президент кортежін эскортқа шығаруды жүзеге асырды, оны Мемлекет басшысы жоғары бағалаған. Сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндердің үш съезін, сондай-ақ жоғарыда аталған ЕҚЫҰ саммиттерін және VII қысқы Азия ойындарын өткізу кезінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты.

Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін қызметкерлер ҚР ІІМ, Астана қаласы әкімдігінің және Астана қаласы ПД басшылығы тарапынан бірнеше мәрте марапатталған. Ант пен қызметтік борышқа адалдықтың үлгісі ретінде 2005 жылғы 18 қыркүйекте қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Астана қаласы ІІД ЖПБ ЖПЖМБ аға инспекторы полиция капитаны Марғұлан Қонаевты айтса болады.

Полиция қызметкері жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кете жаздаған Volkswagen Passat көлігін тоқтатпақ болған. Жүргізуші тоқтау туралы талапты елемей, жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқан. Полицей жүргізушіге белгі бергенімен, ол тізгінге ие бола алмай, полиция қызметкерін қағып кеткен. ЖКО салдарынан Марғұлан өміріне сәйкес келмейтін дене жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болған.

ҚР Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1682 Жарлығымен полиция капитаны Марғұлан Қонаев II дәрежелі “Айбын” орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру