Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция балалармен профилактикалық кездесу өткізді

Қостанай облысында полиция балалармен профилактикалық кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері “Болашақ” балалар сауықтыру лагеріне барып қайтты. Бұл лагерьде облыстың төрт ауданынан келген 476 бала демалуда.

Полицейлер балалар мен лагерь қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме өткізіп, қауіпсіздік ережелерін, өз бетінше серуендеудің және рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіптілігін ерекше атап өтті. Барлық демалушы балаға қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша ұсыныстар жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

— Біздің тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне мән бергені үшін полиция қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Бірлескен жұмыс балалардың демалуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді, – деді лагерь директоры Ғабит Құсайынов.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Раушан Кабакова жазғы кезеңде облыста 12 лагерь жұмыс істейтінін, онда шамамен 9 000 баланың демалатынын хабарлады. Полиция қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес лагерьлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.

Мұндай іс-шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазғы демалыс кезінде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру