Қостанай облысында полиция қызметкерлері бопсалаушылар тобын ұстады
Қостанай облысында полиция қызметкерлері бопсалаушылар тобын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы облыс аумағында бопсалаумен және өзге де қылмыс түрлерімен айналысқан қылмыстық топты ұстады.
Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Серік Байғоновтың айтуынша, жедел әзірлік нәтижесінде облыстың түрлі өңірлерінде бопсалауға және басқа да қылмыс түрлеріне қатысы бар 10 күдікті адам ұсталды.
Қылмыстық топ облыс тұрғындарына қатысты 12 қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Олардың арасында кәсіпкерлер де бар. Жалпы шығын 10 млн теңгеден асты. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.