Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция мен өрт сөндірушілер жолда өртенген көлікті сөндірді

Ақмола облысында полиция мен өрт сөндірушілер жолда өртенген көлікті сөндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтарда сағат 13:00 шамасында Шортанды ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Астана – Петропавл автожолының 54-шақырымында Toyota Camry автокөлігі жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының “Бакай 8 П1” экипажы дереу келді.

Жүргізушінің, елорданың 53 жастағы тұрғынының айтуынша, Бозайғыр ауылының маңында кенеттен көліктен от шығып, капотының астынан түтін шыққан. Полиция қызметкерлері Қуаныш Мұқанов пен Данияр Таев  шетелдік көлік жүргізушісі мен оның жұбайына көмек көрсетті. Өрт сөндіру көлігінің автокөлікті кедергісіз сөндіруі үшін жол учаскесін жауып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Тәртіп сақшылары мен өрт сөндірушілердің бірлескен күштерінің арқасында өрт ауыздықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының тұтануы болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері жүргізуші мен оның жұбайын жеке заттарымен Бозайғыр ауылына жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру