Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы басталды

Қостанай облысында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының аумағында 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Акция жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарындағы апаттық жағдайлардың алдын алу және азайту мақсатында өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлердің ерекше назары мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау және телефон арқылы сөйлесу тәрізді ЖКО-ның орын алуына әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге аударылады.

Аталған іс-шараны өткізу кезеңінде елді мекендерде және қала сыртындағы автожолдарда, әсіресе түнгі уақытта, патрульдік полиция жасақтарының шоғыры артады.

Айта кетейік, биыл 10 айда Қостанай облысында 312 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 71 адам қаза тапты және 371 адам зардап шекті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру