Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 11 мыңнан астам иесіз мал айыппұл тұрағына қамалды

Павлодар облысында 11 мыңнан астам иесіз мал айыппұл тұрағына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақжол ауылының жанындағы Павлодар-Қызылорда автожолында жол жиегінде бақылаусыз жайылып жүрген 12 бас жылқысын байқап, олар айыппұл тұрағына қамалды. Иесі анықталды. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін Ақжол ауылының 50 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сол күні полиция қызметкерлері Ленинский-Русская Поляна бағытындағы автожолда жылқыларды байқады. Жолқұдық ауылының маңындағы 12 шақырымдық жолда жылқылар жол жиегінде жайылып жүрді, сол арқылы автокөліктің өтуіне кедергі келтіріп, апаттық жағдай туғызды. Бос жүрген жылқылардың иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Павлодар облысында малға арналған айыппұл тұрағына 11 мыңнан астам иесіз мал басы айдалды, 4 мыңға жуық иесі ауыл шаруашылығы малын жаюды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру