Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ҚАЖД-ның қызметкерлері әріптесінің ұлына көмек көрсетті

Қостанай облысында ҚАЖД-ның қызметкерлері әріптесінің ұлына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қиын жағдайға тап болған әріптесіне қолдау білдіріп, оның ұлына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Балаға ұзақ әрі қымбат тұратын оңалту курсы қажет болғандықтан, ұжым бірлесіп көмек көрсетті.

Қызметкерлер қан тапсыру акциясына қатысып, қан қорын толықтыруға өз үлестерін қосты. Бұл тек бір отбасыға ғана емес, жалпы адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.

ҚАЖД-ның қызметкерлері күнделікті жауапты әрі күрделі міндеттерді атқара жүріп, жанашырлық пен азаматтық ұстанымның жарқын үлгісін көрсетті. Бұл оқиға бірлік, мейірімділік және өзара көмектің қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру