Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында қоныс колониясындағы сотталғандар заңды некесін қиды

Қостанай облысы ҚАЖД-ға қарасты №40 мекемесі қоныс колониясының сотталғандары заңды түрде некесін қиды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Д. есімді сотталған мен С. есімді сотталған бұл күнді мәңгі есінде сақтайды, өйткені олар өз бақытын түзеу мекемесінің қабырғаларында кездестіре аламын деп ойлаған жоқ, мұнда бәрі соншалықты бөтен және белгісіз болып көрінетін.

Сотталған азамат бұл шешімді қабылдау үшін ұзақ уақыт бойы ойланғанын айтты. Қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың (мекемеден тыс жерлерге шығуға рұқсат етіледі) ресми неке қию рәсімі Қостанай қалалық АХАЖ бөлімінде өтті. Іс-шара ешқандай салтанатсыз, тек қана жақындарының қатысуымен қарапайым атап өтілді. Жас жұбайлар ресми құжаттарға қол қойып, сақиналармен алмасу арқылы қарым-қатынастарын нығайтты.

Тұтастай алғанда, мекеме тарихында тағдырларын жақындарымен байланыстырған, түзету жолына нық қадам басқан және ақырында мерзімінен бұрын босатылған сотталғандар аз емес.

ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың некеге тұруының басты мақсаты – оларға берік одақ құрудың басымдығы сезімін ояту, сол арқылы сотталғандарды тәрбиелеу процесіне ықпал ету, – деп түсіндірді Қостанай облысы ҚАЖД-ға қарасты № 40 мекемесі бастығының орынбасары  Олжас Бекмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру