Қостанай облысында тергеу және анықтау бөлімшелерінде цифрлық технологияларды ілгерілету мәселесі талқыланды
Қостанай облысында тергеу және анықтау бөлімшелерінде цифрлық технологияларды ілгерілету мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы өңірдің сот сараптамалары институтының сарапшылары мен аумақтық тергеу бөлімшелерінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Әбенов іс-шараның басты мақсаты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Е-Saraptama» жобасын іске асырудың проблемалық аспектілерін талқылау екенін атап өтті.
Тергеу басқармасының бастығы Нұрлан Арыстанов және институт директорының міндетін атқарушы Марат Бекбосынов тергеу аумақтық бөлімшелерінің қылмыстық істері бойынша сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізуге байланысты проблемалық жайттарды ұсынды. Сараптамаларды тағайындау қылмыстық сот ісін жүргізудің басты қағидатын іске асыру үшін қылмыстық істерді электрондық форматта тергеудің толықтығын қамтамасыз ету маңызды мәнге ие.
Талқылау барысында іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, «Е-Saraptama» цифрлық қосымшасын пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар әзірледі. Сот сараптамалары институтының басшылығы тергеу басқармасының практикалық органдардың жаңа сұраныстары мен қажеттіліктерінің пайда болуына байланысты штаттық сарапшылар санын көбейту қажеттілігі туралы бастамасын қолдады.