Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жолдар мен теміржол өткелдерін тексерді

Павлодар облысының полицейлері жолдар мен теміржол өткелдерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында облыстың автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының және жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізеді.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 22 мың шақырымнан астам аумақты қамтитын жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 899 зерттеу жүргізілді. Оның барысында 2001 ақау анықталды. Жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 140 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды.

Мысалы, тексеру барысында Павлодар ауданының полиция бөлімінің полицейлері теміржол өткелінде бұзушылықты анықтады. Түнде темір жолдардың жанында орнатылған жол белгілері көрсетілмейді, жол бойында өсетін және жүргізушілердің көруіне кедергі келтіретін бұталар кесілмеген.

– Павлодар ауданының тәртіп сақшылары анықтаған барлық бұзушылықтар бойынша кемшіліктерді жоюға нұсқамалар жолданды. Сондай-ақ учаске бойынша лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар ауданы ПБ әкімшілік полициясының бастығы Дамир Әлбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру