Қостанай облысында тұрғыннан 12 келі есірткі тәркіленді
Қостанай облысында полицейлер тұрғыннан 7 келі марихуана мен 5 келі гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Сарыкөл ауылының тұрғынынан есірткінің ірі партиясын тәркіледі.
Тінту кезінде полиция ер адамның үйінен майонез шелектерін, бидон, пластикалық бөтелкелерді, сөмкелерді және өсімдік тектес есірткі бар электронды таразыларды тапты. Сараптама алынған заттардың салмағы жеті келі және бес келі болатын марихуана мен гашиш екенін растады, бұл өте үлкен мөлшерге жатады.
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау мүлік тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді. Полицейлер есірткі қылмысына қарсы күрес құқық қорғау органдары жұмысының басым бағыттарының бірі екенін еске салады.
Жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 13 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша жедел жұмыс жалғасып жатыр.