Қостанай облысында үш велосипедті ұрлаған тұрғын ұсталды
Полиция үш велосипедті ұрлаған Боровское ауылының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында полиция сатуға жоспарлаған, бірақ үлгермеген бірнеше велосипед ұрлығына қатысты 26 жастағы күдіктіні ұстады.
Боровское ауылының тұрғыны велосипедтің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінді.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу аспалы құлыпты жұлып алып, жертөлеге кіріп, құны 50 мың теңге велосипедті ұрлап кеткен.
– Бірнеше күннен кейін көрші үйлерде велосипед ұрыларының әрекетінен екі жергілікті тұрғын зардап шекті. Бір түнде кіреберісте қалған екі велосипед бірден жоғалып кетті. Полиция қызметкерлері ұрлық сериясын тергеуді бастады, – дейді Меңдіқара ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Мереке Жанзақов.
Тәртіп сақшылары пәтерлерді және аулаларды аралауды бастады. Сондай-ақ, ауылда велосипедпен жүретіндерді тексерді. Бағдарлау бойынша толықтай сәйкес келетін, бірақ басқа түсті велосипедпен жұмысқа бара жатқан 26 жастағы ер адамды байқады. Ұрланған велосипед қызыл түсті, ал ер адамның велосипеді қара болды.
Тексеру кезінде ер адам ұрланған велосипедтерді үйде сақтағаны анықталды. Олардың біреуін бояп, өзіне қалдырмақшы болды, қалған екеуін де бояп, сатқысы келген.
Қазіргі уақытта ұрланған зат иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру 188-баптың 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша жүргізілуде.