Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының әкімі Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті

2020 жылғы 5 қаңтарда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ПД жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысы ашықтық пен айқындыққа негізделуі тиіс деген міндет қойды.

Облыс әкімі бүгінде ішкі істер органдарының азаматтармен өзара қарым-қатынасының сервистік моделін енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол халықтың сенім деңгейін арттыруға және «кері байланыс» орнатуға бағытталғанын атап өтті.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар соңғы бес жылда сегіз млрд.теңгеге жуық қаражат бөлді. 2020 жылы материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,7 млрд.теңге бөлінді. Осының арқасында байланыс құралдары, бейне бақылау кешендері, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің стационарлық кешендері сатып алынды. Тек «Автоураган» жүйесінің көмегімен өткен жылы жол қозғалысы ережелерін бұзудың 66 мыңнан астам дерегі анықталды.

Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетов өңірдегі қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегенін атап өтті.

Биыл қылмыстың негізгі түрлері бойынша тұрақты төмендеу байқалады. Олардың қатарында кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және ұрлық бар.

Өңір үшін мал ұрлығы өзекті мәселе болып қала беруде. Биыл олардың саны 30,7% – ға азайды. Пәтер ұрлықтарының саны шамамен 45%-ға түсті. Сонымен бірге олардың ашылуы артты.

Мас күйінде жасалған және бұрын сотталған азаматтар жасаған қылмыстар саны айтарлықтай азайды. Жасөспірімдер қылмысы мен балалардың өздеріне қатысты қылмыстардың деңгейі төмендеді. Қылмыстардың 40%-ға жуығы қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған.

– Мұның барлығы біз жүргізіп жатқан алдын алу жұмыстарына тікелей байланысты. Оның нәтижелері жолдарда да байқалады. Апаттылықтың төмендеуі байқалады, жол-көлік оқиғаларының, олардың салдарынан жарақат алғандардың және оларда қаза болғандардың саны азайды. Биыл мүліктік сипаттағы қылмыстардың ашылуы жақсарды. Ауыр және аса ауыр қылмыстар қатарынан қарақшылық, бопсалау, бұзақылық және айдап әкету қылмыстарының ашылу деңгейі 100% – ға жетті. Кісі өлтіру деректерінің ашылуы 90%-дан асады, ал денсаулыққа ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстың ашылуы 100% құрады. Биыл есірткі сатуды анықтау көрсеткіші артты.
Заңсыз айналымнан 500 келіден астам есірткі тәркіленді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қылмыстық істердің 85% – ы электрондық форматта тергеліп жатыр. Бұл үшін облыстың тергеу және анықтау бөлімшелері қажетті техникамен және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, – деді Департамент бастығы Бекет Аймағамбетов.

Бекет Аймағамбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлінетінін атап айтты. 2020 жылы өңірдегі полиция қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны үш есеге қысқарған.

Елеулі теріс қылықтары, оның ішінде ішкі істер органдарының беделін түсіргені үшін 28 қызметкер жұмыстан шығарылған.

Қазіргі таңда облыс полицейлері алға қойылған міндеттерді орындауда. Азаматтар көмек көрсеткені және қылмыстарды «ізін суытпай» ашқаны үшін алғыс білдіреді. Өткен жылдың өзінде екі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 500-ден астам қылмысты ашып, жүздеген жүргізушіге көмек көрсеткен.

Облыс әкіміне жеке құрамнан келіп түскен сұрақтардың ішінде жаңа бекеттердің қажеттілігі туралы мәселе көтерілді.

Қостанай қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Талғат Жүсіпов қаланың өсіп келе жатқанын, жаңа шағын аудандар салынып жатқанын атап өтті.

– Қазіргі таңда Қостанай қаласына қосымша кем дегенде бес полиция бекеті қажет, – деді ол.

Облыс әкімі бұл мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді.

Кездесу соңында патрульдік полиция қызметкері Бағдат Бейсенов өңір басшысына ішкі істер органдарының қызметкерлерін қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру