Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Қостанай полицейлері «Заңсыз келуші – 2023» ЖПІШ кезінде есірткі таратты деген күдікке ілінген іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қазанда «Заңсыз келуші – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарында іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады.

Бұл жағдайды полиция қызметкерлері осы азаматтың көші-қон қызметіне мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша жүгінген кезінде анықтады. Іздеуде жүрген адам ұсталды.

Қостанай облысының ПД «Заңсыз – келуші 2023» операциясының төрт күнінде полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегін анықтағанын хабарлады. 16 шетелдік азамат елге 5 жыл бойы кіре алмайды.

Қазақстандық азаматтардың шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартуының 12 фактісі анықталды. Қазақстан Республикасының 70-тен астам азаматы тиісті орынға шетелдік азаматтардың келгені туралы уақытылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру