Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері мал ұрлаушылар тобын ұстады

Қостанай облысының полицейлері мал ұрлаушылар тобын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Арқалық қаласының полицейлерімен бірлесіп, еркін жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Олар үш ірі қараны сатып алып, алайда 14-ін алып кеткен, оның 11-і заңды иесіне қайтарылды.

Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Дәндібаевтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде  Арқалық қаласы мен іргелес аудандардың бес тұрғыны ұсталды. Олар бір ай бойы өңірдің шаруа қожалықтарының біріне тиесілі еркін жайылымнан мал ұрлап жүрген. Ұрлаған малдың етін Арқалық қаласының базарына, таныстарына тірідей сатқан.

Ұсталған кезде күдіктілерден екі автокөлік, пышақ, арқан және басқа да қылмыс құралдары тәркіленді.

Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық әрекеттерден келтірілген залал 3 млн теңгеден асқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру