Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Ақтөбе облысының тұрғынынан екі тапанша тәркіледі

Полицейлер Ақтөбе облысының тұрғынынан екі тапанша тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 24 тамызда Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Темір ауданының 39 жастағы тұрғынына тиесілі Lexus ES-300 автокөлігін тінту кезінде трансмиссия панелінің астынан (беріліс қорабы) 9 калибрлі Макаров тапаншасы мен оның 7 патронын және травматикалық 2 патроны бар ОСА тапаншасын тауып, тәркіледі.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеліп жатыр. Полицейлер қарудың қайдан келгенін анықтайды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру