Қостанай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді тапты
Қостанай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қостанай облысы Науырзым ауданы полицейлері жоғалып кеткен 12 жастағы баланы іздеп тапты.
11 қарашада таңғы сағат 05:00 де полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған баланың анасы хабарласып, ұлының 10 қарашада ағасымен бірге жылқы іздеуге кетіп, жоғалып кеткенін хабарлады. Жасөспірімді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталып, дереу түрде үш мобильді топ құрылды.
– Баланың үлкен ағасы жылқыларды іздеп жүрген туысына көмекке шыққандарын айтты. Оған 18 сағаттай жүріп, 12 жастағы Нұрлыбек мотоцикл рөліне ауысып, қорық аумағынан мал іздеуге барған. Біраз уақыттан кейін туыстары баланы көзден таса қылып алады. Олар оны 12 сағаттан астам уақыт бойы өз беттерінше іздеген, – дейді полиция бөлімінің бастығы Мереке Жанзақов.
Хабарлама түскен сәттен 5 сағат өткеннен кейін полицейлер Қараменді ауылынан 40 шақырым жерде тоңып қалған жасөспірімді далада іздеп тапқан. Полиция қазіргі таңда Нұрлыбектің үйде екенін және ол өзің жақсы сезінетінін атап өтті.
Сонымен қатар ПД баспасөз қызметі облыс аумағында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» ЖААШ аясында полиция қызметкерлері жоғалған 5 азаматты іздеп тапқандарын атап өтті.