Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда абаттандыру ережесін бұзған 14 азамат жауапқа тартылды

Павлодарда абаттандыру ережесін бұзған 14 азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторларымен өткен тәулікте ішімдік ішудің немесе қоғамдық орында мас күйінде жүрудің 13 фактісі анықталды. 14 азамат абаттандыруды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары ұсақ бұзақылық фактісі бойынша 10 шақыруға шықты.

– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін “Кибер-шериф” автоматты жүйесімен жабдықталған екі автопатруль жұмылдырылды, олар жылдамдықты асырудың 75 фактісін анықтады. Павлодар қаласының Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 46 адам жеткізілді. Барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлімі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша жауапқа тартылды. Сонымен қатар 4 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.

Сондай-ақ полиция бөлімдеріне түрлі құқық бұзушылықтар үшін 192 адам жеткізілді. Мәселен, Ак. Шокин көшесін патрульдеу кезінде облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны ұсталды, одан жоғалған ұялы телефон анықталды. ІІМ дерекқорлары бойынша тексеру кезінде бұл ұялы телефон 2014 жылдан бері жоғалған болып саналды. Жігіттің ісін одан әрі қарау үшін Солтүстік полиция бөліміне жеткізілді.

Ломов көшесін патрульдеу кезінде инспекторлар 38 жастағы ауыл тұрғынының басқаруымен Audi көлігін тоқтатты. Медициналық қорытындыға сәйкес ер адам мас болған. Осы бұзушылық үшін ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы(Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру