Қостанай полициясында жасөспірімдер мәселесі талқыланды
Қостанайда кәмелетке толмағандар арасындағы жаппай төбелестің, жанжалдың және қорқытудың алдын алу мәселелерін талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласының полиция басқармасында кәмелетке толмағандар арасында жаппай төбелес, жанжал мен буллингтің алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара балалар мен жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік пен психологиялық ахуал жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі ұйымдардың өкілдерін жинады.
Талқылауға қоғам мен билік өкілдері, оның ішінде Әйелдер күштері альянсының төрағасы Римма Бектұрғанова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Басенова, сондай-ақ практикалық психология және әлеуметтік әріптестік бөлімінің аға әдіскері Татьяна Зуева және прокуратура мен жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.
Талқылау барысында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ мектептер мен басқа да оқу орындарында жанжал туғызатын жағдайларды болдырмаудын тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел барысында кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтердің рөлі де талқыланды.
Кездесуге қатысушылар полиция жұмысын ғана емес, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы да маңызды екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелді қорытындылау барысында, барлық қатысушы кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың жолын кесу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Қақтығыстар мен қорқытудың алдын алу білім беру мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, әлеуметтік қызметтердің және қоғамдық ұйымдардың келісілген күш-жігерін қажет етеді.
Профилактикалық жұмысты күшейту, ата-аналар мен мұғалімдерді зорлық-зомбылық қаупі туралы хабардар ету және қауіп туындаған жағдайда уақытында араласу қажет.