Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда әйел тергеушілерге арналған тренинг өтті

Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы Қостанай облысы әйелдер күштері альянсымен бірлесіп әйел тергеушілерге арналған тренинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған тренинг ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырды. Бұл тренингке 15 әйел тергеуші қатысты. Альянс төрағасы Римма Бектұрғанова құттықтау сөз сөйледі.

– Әйелдер мен балалардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстық істерді тергейтін тергеуші арулар бәрін өздері арқылы өткізіп, көбінесе эмоционалды күйіп кетуге бейім болады, – деп атап өтті ол.

«Доверие» психологиялық орталығының жетекшісі, психолог Людмила Должикова күйіп қалу синдромының белгілері туралы толығырақ айтып берді.

Сонымен қатар тренинг барысында қатысушылар Қостанай облысы прокурорының көмекшісі Нино Капанадземен бірге тергеу іс-қимылдарын жүргізудегі негізгі қателіктерді талдады.

Отбасылық-тұрмыстық қылмыстарға қатысты қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы ПД тергеу басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Қадыржан Дәулетов айтып берді.

Іс-шара соңында қызметкерлерге сертификаттар табысталды. Тренингті ұйымдастырушылар мұндай бірлескен іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұру керек деп санайды. Бұл ведомство мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне оң әсерін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру