Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда бір күнде сегіз мас жүргізуші ұсталды

Қостанай облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының бір күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 330 фактісі анықталды, оның ішінде сегіз жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 18-21 қараша аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Рейд барысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізу, қозғалыс жылдамдығының белгіленген шегінен асып кету және басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдіктерін қолдану және ұялы телефон арқылы сөйлесу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын басқару сияқты авариялардың алдын алудың басым бағыттарына ерекше назар аударды, – дейді Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкері Айнұр Жұмағұлова.

Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізуші куәлігі жоқ, бірақ көлік басқарып жүрген 49 азамат және басқару құқығынан айырылған төрт жүргізуші ұсталды, сондай-ақ жол ережесін бұзғаны үшін 37 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру