Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері бір апта ішінде ұялы телефон ұрлығының  төрт дерегін ашты

Бір аптада полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлаған төрт ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында бір апта ішінде полиция қызметкерлері ең үлкені 58 жастағы, ал ең кішісі 19 жастағы төрт ұрыны ұстады.

Мысалы, 18 қарашада азық-түлік дүкенінің жанында кілттенбеген көліктен ұялы телефон ұрланған.

Қаскүнем көлік иесінің бейқамдығын пайдаланып, кедергісіз қол жеткізу арқылы жеке мүлікті иемденген.

Осыған ұқсас ұрлық оқиғалары адам көп жиналатын жерлерде (автобустар, сауда орталықтары, базарлар және т.б.) сыртқы киім қалталарына қол сұғу  арқылы жасалады.

Барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қырағылық танытуды, бағалы заттары мен ақшаларын киімнің сыртқы қалтасында және қолжетімді жерлерде сақтамау қажеттілігі туралы  ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру