Қостанайда ер адам танысынан алған 2 млн теңгені қайтармаған
Қостанайда ер адам танысынан алған 2 млн теңгені қайтармаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының басында Қостанай қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан борышкерді іздеуге жариялау туралы қаулы келіп түсті. Белгілі болғандай, 35 жастағы жергілікті тұрғын танысынан 2 миллион теңге қарыз алып, ұзақ уақыт бойы ақшаны қайтармаған.
Сот талқылауынан кейін, сот қарыз сомасын өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Алайда, ер адам жасырынып, сот шешімін орындамағаны үшін іздестіруге жарияланды.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеушінің орналасқан жерін анықтады.
Қазіргі уақытта одан әрі істі қарау үшін ол сот орындаушысына тапсырылды.