Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД криминалистерді мерекемен құттықтады

ШҚО ПД криминалистерді мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты марапаттау ШҚО ПД мұражайында өтті. Наурыз айының 1 күні біз криминалистеріміздің кәсіби мерекесін – жедел-криминалистикалық қызметтің құрылған күнін атап өтеміз. Бұл қызметтің тарихы бір ғасырдан астам уақыт бұрын басталады. Тәуелсіз Қазақстанның криминалистикасы егемен елмен бірге дамып келе жатқанына және уақыт өте келе мол тәжірибеге ие болғанына күмәніміз жоқ.

– Бүгінгі таңда ең күрделі қылмыстарды ашу криминалистердің жұмысына байланысты, өйткені жұмысқа жаңа технологиялар енгізілуде. Әрбір жаңалық, жаңа олжа қылмыстық істерді тергеудің негізіне айналды. Баға жетпес тәжірибенің арқасында криминалистикалық технологияларды дамыту үшін негізін құрған қызмет ардагерлерінің ерекше рөлін атап өткім келеді және олардың бір бөлігі қазір тарих ретінде біздің мұражайымызда сақталып тұр. Көпшілігіңіз әріптестеріңізбен және жас қызметкерлермен тәжірибе алмасуды жалғастыруда. Біз бәріміз бірге азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен сенімі үшін жұмыс істейміз. Сізге зор денсаулық, мұқалмас жігер мен табыс тілеймін, – деп құттықтады ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Мерекеге орай облыстың криминалистикалық бөлімшелерде жұмыс істейтін 20-дан астам қызметкерлер, сондай-ақ қызмет ардагерлері көтермеленді.

Іс-шара соңында қонақтар мен полицейлер ШҚО ПД мұражайының экспонаттарымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру