Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды

Қостанай облысы ПД-да ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мирас” мәдениет үйінде “Қазіргі заман қаһарманы” атты іс-шара өтті. Бұл күні Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Полиция департаменті бастығының орынбасары Әділхан Байдосовтың айтуынша, полиция қызметкерінің жұмысы — қоғамдық тәртіпті сақтау, күзету, қылмыстарды ашу және олардың алдын алу. Алайда, бұл полицейлердің күнделікті міндеттері ғана емес, олар қауіп-қатерге, өз өмірлеріне қауіп төнуіне қарамастан әрдайым көмекке дайын, көмекке қол ұшын созатын жандар.

Іс-шара барысында әр түрлі жағдайларда адамдарға көмектескен полицейлер “Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ” медалімен марапатталды.

Марапатталғандардың арасында Жітіқара қаласының патрульдік полицейлері: Нурлан Шукманов пен Руслан Кужахметов. Олар 2023 жылдың қараша айында мұз астына түскен екі адамды құтқарған.

Қарабалық ауданының жедел уәкілі Амержан Топалов 2023 жылдың желтоқсанында улы газбен уланып, пәтерде ұйықтап жатқан анасы мен қызының өмірін сақтап қалды.

Арқалық қаласының учаскелік полиция инспекторы Дархан Турганов ағымдағы жылдың қаңтар айында далада үш күн бойы боранда жоғалып кеткен шопанды тапты. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар бейнефильмдер көрді.

– Сіздің қызметіңіз қауіпті де, қиын! Алайда, полиция мамандығының барлық қиындықтарына қарамастан, жүздеген жігіттер, кейде қыздар да осы жолды таңдайды. Амержан бала кезінен полиция болуды армандаған. Біз оның дәл осы жолды таңдағанын отбасымызбен мақтан тұтамыз, – деді жедел уәкіл Амержан Топаловтың анасы Тайлекбаева Гүлнар.

Іс-шара мерекелік концертпен және ЖҚАЖ мен Кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлерінің қойылымымен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру