Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда есірткіні жарнамалайтын 100-ден астам жазба жойылды

Қостанайда есірткіні жарнамалайтын 100-ден астам жазба жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткі жарнамасы бар граффити, суреттер және жазуларды бояу бойынша акция өткізді.

– Есірткі сатушылар сатудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, олардың арасында есірткі сатып алу әдісін жарнамалайтын жазулар бар. Мұндай жазуларды тарату жарнама болып табылады, ол арқылы есірткі заттарын сатып алуға болады, – дейді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкері Айгүл Ерәділова.


Іс-шараға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің 30-дан астам қызметкері қатысты. Қала көшелерінде жүргізілген рейд барысында бірнеше сағат ішінде тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы 65 жазба және 40-тан астам граффити боялды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру