Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы өткізілуде

Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президенттің Жарлығымен 16 қаңтардан бастап Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі алынды.

Жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 16 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың ерекше өкіміне дейін Ақтөбе облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтарының саны артып, жұмысы күшейтілді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.

Іс-шараны өткізу кезеңінде Қобда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі атыс қаруын (бір тегіс ұңғылы, бір травматикалық) және 14 оқ-дәріні тауып, тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру