Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда есірткінің жарнамасын жою бойынша ауқымды акция өткізілді

Қостанай облысының полицейлері мен еріктілері есірткінің жарнамасын жою бойынша ауқымды акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай көшелерінде еріктілер есірткі заттарын жарнамалайтын 80-нен астам жазбаны сырлады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды.

Қостанай облысы бойынша департаменті жергілікті полиция қызметі департаментімен бірлесіп, қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі заттарын жарнамалайтын жазуларды бояу бойынша ауқымды акция ұйымдастырды.

Құқық қорғау органдары азаматтардың өз ғимараттарында есірткі жарнамасы туралы хабарлау белсенділігі артқанын атап өтті.

– Тұрғындардан синтетикалық есірткіні жарнамалайтын сайттарға сілтемелер бар сызбалар туралы ақпаратты жиі аламыз. Жалпы, жыл басынан бері қостанайлықтардан осындай 60 өтініш түскен. Олардың барлығына жарнамаларды бояу бойынша шұғыл шаралар қолданылды. Барлығын осындай фактілер туралы (8-7142) 52-61-19 сенім телефонына хабарлауға шақырамыз. Қостанай облысы бойынша ПД-ның әлеуметтік желілері арқылы да хабарласуға болады, – деді Қостанай облысы ПД ЕҚІҚБ бөлімшесінің қызметкері Айгүл Ерадилова.

Қазіргі уақытта Қостанай облысының полиция департаментінің тергеушілерімен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау фактілері бойынша қозғалған 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Баптың санкциясы 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Жеңіс Бисембаевтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары «Учаске» жедел-алдын алу шарасы кезінде 40-тан астам заңсыз жазуларды анықтап, бірден оларды сырлау арқылы жойған.

Акцияның мақсаты – жастардың назарын есірткі қолданудың жағымсыз салдарына аудару болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру