Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде ойын-сауық орындарында алкогольді ішімдіктерді лицензиясыз сату фактісі анықталды

Өскеменде ойын-сауық орындарында алкогольді ішімдіктерді лицензиясыз сату фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қыркүйек күні профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында жергілікті полиция қызметкерлері облыс орталығы ойын-сауық орындарының бірінде рұқсат беру лицензиясы жоқ алкогольдік өнімдерді сату фактісін анықтады.

Тексеру барысында жалпы көлемі шамамен 200 литрді құрайтын, құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 300 астам бөтелкелер тәркіленді.

Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру