Қостанайда нысандарға қызмет көрсететін күзет фирмасына айыппұл салынды
Қостанайда тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына қызмет көрсететін күзет фирмасына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен террористік тұрғыдан осал нысандарға террористік сипаттағы қауіп-қатер дайындығын тексеру мен терроризмге қарсы қорғалуы жағдайына бақылау жүргізіледі.
Осылайша, Қостанай қаласының әкімшілік сотымен ТҚО нысандарға күзет қызметін қамтамасыз ететін күзет қызметінің субъектісі ҚР ӘҚжК 149-бабының 1-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылды. Күзетілетін аумақта өткізу режимі талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл 800 мың теңгені құрады.
2021 жылғы 6 мамырда ҚР Үкіметінің «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» (№ 305) Қаулысы бекітілгенін атап өткен жөн.
Терроризмнің ауыр салдарын ескере отыра, облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы күзет қызметі субъектілері мен ТҚО нысандарының басшыларына терроризм актілері жасалу қаупі кезіндегі әрекеттерге персоналды оқыту бойынша жұмыстар жүргізу керектігін ескертеді.
Бірінші кезекте персоналды терроризм акті жасалу қаупі туындаған кезде бастапқы іс-қимылға оқыту мен нысанның инженерлік-техникалық жабдықталуына ерекше көңіл бөлу қажет. Әр қызметкер терроризм акті жасалу қаупі кезіндегі іс-қимыл тәртібін білу қажет. Мысалға, жарылғыш құрылғысына ұқсайтын затты көрген жағдайда оған жақындауға, орнын ауыстыруға, үстін жабуға тыйым салынады. Сондай-ақ облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Ербол Дербисов құрылғының жанында радио немесе ұялы байланыс құралдарымен қолдануға болмайтынын атап өтті.