Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда карантин талаптарын бұзушыларға 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Маңғыстауда карантин талаптарын бұзушыларға тоғыз миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күнделікті негізде облыс көлемінде мониторингтік топтар карантин талаптарының орындалуы бойынша мейрамхана, кафе-бар, дүкен және тағы басқа кәсіпкерлік субъектілерге тексеріс жүргізіп, нысан иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Бүгінгі таңда өңірдегі мониторингтік топтың саны – 50. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 1 367 рейдтік шара жүргізіліп, барлығы 9 616 нысан тексерілді.

Солардың ішінде 41 нысанда құқық бұзушылықтар анықталып, иелеріне әкімшілік хаттамалар жасақталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл мөлшері 8 780 170 теңгені құрады.

– Тәртіп сақшылары әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп мониторингтік топтың құрамында карантин талаптарын сақтамаған нысандарды анықтауда алдыңғы шепте қызмет атқаруда. Кез-келген құқық бұзушылық анықталған кәсіпкерлік субъект бойынша іс құжаттар жинақталып, ол Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданады. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД бастығы Ж.Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру