Қостанайда полицейлер студенттерге құқықтық сауаттылық бойынша дәріс өткізді
Қостанайда полицейлер студенттерге құқықтық сауаттылық бойынша дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық департамент қызметкерлері жастардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, Қостанай университеттері мен колледждерінің оқушыларымен профилактикалық әңгімелесуді белсенді жүргізуді жалғастыруда.
Жедел-криминалистикалық басқарманың бастығы Мират Ченемесов А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен кездесті. Болашақ мамандармен әңгімелесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері және оқиға орнындағы криминалистердің жұмысы талқыланды.
Қостанай құрылыс колледжінің студенттерімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов кездесті. Ол оқушыларға есірткі қылмысының салдары және есірткінің денсаулыққа зиянды әсері туралы айтты.
Полиция қызметкері есірткі таратқаны үшін жақында ұсталған 16 жастағы жасөспірімді мысал ретінде келтірді. Ол қазір ауыр құқықтық салдарға тап болуы мүмкін.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұрат Ғалиханов Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттерімен кездесіп, кәмелетке толмағандар арасында буллинг пен лудомания туралы айтты. Ол студенттер үшін қауіпсіз атмосфера құра отырып, осы мәселелермен күресу үшін күш біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Абай атындағы мектеп оқушыларымен ккстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов әңгімелесті. Ол терроризм актілері туралы жалған хабарламалар үшін құқықтық жауапкершілікті түсіндірді. Осыған ұқсас фактілер үшін қостанайлық оқушылардың ұсталғаны туралы бірнеше мысал келтірді. Ол террористік қауіп жағдайында әрекет ету алгоритмі туралы да айтты.
Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Карина Базарбаева медицина колледжінің студенттерімен кездесті. Онымен бірге оқушылар киберқылмыс туралы әңгімелесті. Олар дроппер, фишинг, кардинг сияқты ұғымдарды талдады. Полиция қызметкері жиналғандарға интернеттегі алаяқтық схемасы туралы айтты.
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттерімен әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаев әңгімелесті. Ол жасөспірімдер жиі жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтарға назар аударды. Бұл әдетте кешкі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерсіз көшеде жүру, ойын-сауық орындарында болу, тыйым салынған жерлерде темекі шегу және ұсақ бұзақылық жасау. Полиция қызметкері неше жастан бастап әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы еске салды.
Барлық кездесулерде полицейлер жастардың қызығушылығын тудырған бейнероликтер мен фильмдер көрсетіліп, студенттер полицейлерге белсенді түрде сұрақтар қойды. Бұл іс-шаралар дәріс форматында өтті және қауіпсіздік пен құқық бұзушылыққа байланысты өзекті тақырыптарды талқылауға арналған диалог алаңына айналды.
Айта кету керек, полицейлер мұндай профилактикалық әңгімелесулерді оқу жылының басынан бастап облыстың барлық колледждері мен жоғары оқу орындарында жастарға заңдарды жақсы түсінуге және олардың болашағына әсер етуі мүмкін қателіктерден аулақ болуға көмектесу үшін өткізеді.
Студенттердің кімнен көмек сұрауға болатынын білуі және қоғам алдындағы жауапкершіліктерін білуі маңызды.