Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полиция қызметкерлері велосипед ұрлаудың 10 фактісін анықтады

Қостанайда полиция қызметкерлері велосипед ұрлаудың 10 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі ай ішінде Қостанай қаласының кіреберістері мен аулаларынан 10 велосипед ұрланған. Барлық жәбірленушілер полицияға жүгінген. Ұрлықтың барлық фактілерін тергеу үшін Қостанай қаласының Полиция басқармасында арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оның құрамына мүліктік қылмыстарды ашумен айналысатын қызметкерлер кірді. Полиция қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік шаралары мен мүліктерінің сақталуы туралы ескерту мақсатында пәтерлерді аралауды бастады.

Сондай-ақ, бейнебақылау камераларынан, әсіресе облыс орталығының шағын аудандарында «Қауіпсіз аула» әдісі бойынша орнатылған жазбаларға талдау жасау басталды. Бейненің бірінде жас жігіттің түнде көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткені анық көрсетілген. Бұл бейнесуреттер барлық полиция патрульдеріне жіберілген фоторобот жасауға көмектесті.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде полиция облыс орталығының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында велосипедтер сатып алушылардан және оларды сатуға үлгергендерден алынды.

Полицияның баспасөз қызметі бес велосипед заңды иелеріне қайтарылғанын атап өтті. Қалған заттай дәлелдемелер жәбірленушілердің тану сатысында.

Қостанай қаласының Полиция басқармасы облыс орталығының тұрғындарына тағы да өз мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталу шараларына мұқият қарау туралы өтінеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру