Қостанайда полиция синтетикалық есірткі жасырушыны қолға түсірді
Қостанайда полиция синтетикалық есірткі жасырушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктінің сөмкесінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 29 орам болды. Сараптама салмағы 20 грамнан асатын «а-PVP» синтетикалық препараты екенін көрсетті.
– Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторында. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр,- деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Қостанай облысының ПД жыл басынан бері 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.