Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полиция синтетикалық есірткі жасырушыны қолға түсірді

Қостанайда полиция синтетикалық есірткі жасырушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктінің сөмкесінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 29 орам болды. Сараптама салмағы 20 грамнан асатын “а-PVP” синтетикалық препараты екенін көрсетті.

– Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторында. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр,- деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Қостанай облысының ПД жыл басынан бері 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру