Қостанайда ҚАЖ өкілдері мен кәсіпкерлік органдар жиын өткізді
Қостанайда ҚАЖ өкілдері мен кәсіпкерлік органдар жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайда "Атамекен" ҰКП филиалында ҚАЖ өкілдері мен өңірдің кәсіпкерлік органдары бас қосты. Іс-шараға Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алтынбек Қалиев, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаев, Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім жетекшісі Асан Досмагамбетов, "Еңбек Қостанай" РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Арман Сүттібаев сондай-ақ өңірдің 25 ірі қала құрылыс кәсіпкерлері қатысты.
Отырыс барысында Президент Әкімшілігі хаттамасын орындау аясында сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыру және өндірістерді ҚАЖ мекемелерінде орналастыруға қатысты шаралар талқыланды. Кәсіпкерлерге арнайы әзірленген бейнематериалдар ұсынылып, қазіргі таңда мекеме аумағында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің қызметі мен дайын өнімдері туралы бейнероликтер мен суреттер көрсетілді.
Жиын барысында кәсіпкерлер тарапынан айтарлықтай қызығушылық байқалды.
