Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда саяжай үйінің шатыры өртенді

Қостанай қаласында саяжайда үйдің шатыры өртеніп, өрт дер кезінде сөндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым Қостанай қаласы Притобольская көшесі бойында 13 сағат 44 минутта саяжай үйінің шатыры өртенді, жану алаңы 50 шаршы метрді құрады. Сағат 14.33-те жойылды. Өртті сөндіруге “Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ” ММ екі бірлік техника және жеке құрамның сегіз адамы жұмылдырылды.

Бұл ретте қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

1 маусым сағат 14:57-де Лисаковск қаласы мекен-жайы бойынша “Довлан” базары ауданында “Volkswagen” маркалы автокөлігінің қозғалтқышы мен беріліс қорабы өртенді, жану алаңы 0,05 шаршы метрді құрады.

“Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ” ММ бір бірлік техника және бес өрт сөндірушілердің көмегімен сағат 15. 08 мин өртті ауыздықтады.

Қостанай қаласында жылыжай комбинаты көшесінде шамамен сағат 16-00-де үш қабатты тұрғын үйдің балконның астында қоқыс өртенді. Өрттен 0,5 шаршы метр алаңдағы балконның ағаш қаптамасы зардап шекті. Өртті “Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ” ММ құрамында екі бірлік техника мен сегіз адам сөндірді. Бұл жағдайда да құрбандарсыз болды.

Дәл осы күні Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесінде ауласы 15 шаршы метр жылу трассасы өртенді. Шақырту орнына “Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ” ММ күштері мен құралдары жедел түрде бір бірлік техника мен жеке құрамның төрт адамы жіберілді. Өрт сағат 18: 22-де оқшауланып, сағат 18:24-де сөндірілді.

Өзіңізді, туыстарыңызды және жақындарыңызды қайғылы жағдайлардан қорғау үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Өрт немесе жану белгілері анықталған жағдайда дереу “101” немесе “112” телефондары арқылы хабарлаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру