Қостанайда сотталғанға жіберілген сәлемдемеден телефон табылды
12 шілде күні ҚР ІІМ ҚАЖ «УК-161/12 мекемесі» РММ қызметкерлері сотталғандардың біріне келген сәлемдемені тексеру барысында Nokia мини-телефонын тапты. Ол аяқ киім ұлтарағының астына жасырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған фактіге байланысты баянат жазылып, сәлемдемені жолдаушы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 481-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.