Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көлік салондарынан мүлік ұрлаған ер адам ұсталды

Қарағандыда көлік салондарынан мүлік ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Ол белгісіз адам тұрақта тұрған көліктің салонынан мүлікін, яғни электрогенераторын, бұрағышты, аккумуляторын ұрлап кеткенін айтты. Шығын сомасы 235 мың теңгені құрады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полицейлер тәжірибелі қаскөй әрекет етті деген болжамға келді. Себебі ол жәбірленушінің көлігінің есігінің кілтін таңдау арқылы кірген. Сонымен қатар, саусақ іздері қалмау үшін, арнайы қолғапты пайдаланған. Алайда қаскөй бір фактіні елемеген, ол көлік тұрағының бейнебақылау камералары бар сауда орталығының жанында орналасқанын ескермеген. Сол бейнебақылау камерасына бөтен көліктің салонына кірген бір азамат түсіп қалады.

Аталған факті бойынша полицияда ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

14 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері күдіктіні 44 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады. 1 шілдеде дабылы жоқ көліктен қаскөй аккумуляторын ұрлап кеткен. 29 жастағы жәбірленуші келтірілген шығын сомасын 30 мың теңгеге бағалады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру