Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында мотоцикл жүргізушілері тарапынан 167 бұзушылық анықталды

Қарағанды облысында мотоцикл жүргізушілері тарапынан 167 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемнің басынан бастап Қарағанды облысының тұрғындары мотокөлікті белсенді пайдалана бастады. Бұл олардың иелерінің қатысуымен жол қозғалысы ережелерін бұзу мен жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді. Көрсетілген кезеңде өңір бойынша мотоцикл жүргізушілерінің кінәсінен төрт жол көлік оқиғасы тіркелді, онда бір адам қаза тапты, үшеуі түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Осыған байланысты өткен аптада облыста “Мотоцикл” жедел алдын алу іс-шарасы өтті, оның барысында мотоцикл айдаушылар тарапынан 167 бұзушылық анықталды. Оның ішінде 46 факті – жолаушыларды тасымалдау, қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамау, 33 факті – мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі жоқ мотоциклді басқару, 33 – басқару құқығы жоқ болса да көлікті басқару фактісі, сол сияқты тиісті санаты жоқ көлік құралын басқару және төрт факті – алкогольдік масаң күйде басқару. Сонымен қатар, мотоцикл айдаушылардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді, Теміртау, Жезқазған, Ұлытау ауданында – біреуден, Қарағандыда – екеу.

Мысалы, Ұлытау ауданында 45 жастағы ер адам басқаруға ие бола алмай, мотоциклмен аударылып түсті. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қайтыс болды. Тексеру кезінде полиция ер адамның мотоциклге қатысты құжаттары жоқ екенін және оны тиісті жабдықсыз басқарғанын анықтады.

– Жолдардағы жағдай мотоцикл жүргізушілердің жол ережелерін елемейтінін және қорғаныс құралдарын пайдаланбайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері басқа көлік түрлерінің жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға ерекше назар аударды. Бұл ретте техникалық ақаулары бар, мас күйінде, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын басқаруға, жылдамдық режимін, басып озу қағидаларын сақтауға ерекше назар аударылды… Осылайша, саптық бөлімшелердің қызметкерлері апаттылыққа әсер ететін 800-ден астам жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтады. Оның 651-і жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы, 104-і жаяу жүргіншіні өткізбеу жағдайы, 31-і қарсы жолаққа шығу жағдайы, – деп атап өтті облыстың ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зарубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру