Қостанайда түнгі отырыс жарақатпен аяқталды
Қостанайда түнгі отырыс жарақатпен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қарашада таңғы сағат 07:00-де Қостанай қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне қалалық ауруханаға бас жарақатымен ер адам түскені туралы хабарлама келіп түсті.
24 жастағы зардап шегушінің айтуынша, түнгі сағат 03:00 шамасында ол белгісіз бойжеткенмен танысқан. Танысуды әрі қарай Қайырбеков көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жанында ішімдікпен жалғастыруды ұйғарыпты. Біраз уақыттан кейін бойжеткен оны еш себепсіз басынан бөтелкемен ұрып, артынша қолынан Iphone маркалы ұялы телефонын жұлып алып, қашып кетеді.
Ал жедел уәкілдер анықтаған қыздың айтуынша, жағдай басқаша болған. 20 жастағы жергілікті тұрғын ер адам оған ұнатып қалғанын білдіріп, ұялы телефон сыйлады деп мәлімдеді. Алайда оның құмарлығынан қорқыққан қыз 24 жастағы жігітті басынан бөтелкемен ұрып, қашып кеткенін жеткізді.
Бойжеткен мен жас жігітің қайсысы ақиқатын айтқанын енді полицейлер ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында анықтап жатыр.