Қостанайда ұрланған телефон иесіне қайтарылды
Қостанай облысының тұрғыны Алмат Нұрмағамбетов мүлкін қайтарып берген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
38 жастағы ер адам ұрланған телефонын тауып бергені үшін Қостанай қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Жәбірленушінің айтуынша, 6 ақпанда түнгі сағат екілер шамасында белгісіз екі ер адам оған дене жарақатын салып, ұялы телефонын, банк картасын және бірнеше кілтін алып кеткен. Сол сәтте Алмат Нұрмағамбетов қаскүнемдердің қара және көк түсті киім кигенін ғана есте сақтап қалған.
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері Дулат Төлебаев пен Ерлан Молбаев екі күдіктіні ұстаған, жәбірленуші оларды бірден таныды. Телефон жәбірленушіге қайтарылды.