Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 3 бірдей жылқыны атып алған күдікті құрықталды

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында ауыл тұрғындарының үш бас жылқысын атып алған мал ұрысы құрықталды,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қармақшы аудандық полиция бөліміне ІІІ-Интернационал ауылының үш бірдей тұрғыны ақпан айының 4-інен 5-іне қараған түні белгісіз біреулердің ІІІ-Интернационал ауылына қарасты мал жайылымында үш бас жылқыны мылтықпен атып құлатып, сол жерде сойып алып, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы арызданған.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында осы қылмысты жасауға күдікті анықталып, ұсталды. Ол Жосалы кентінің жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Айғақ заттар алынды. Казіргі таңда күдікті қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ауыл тұрғындары қылмысты ашқан учаскелік полиция инспекторына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру