Қостанайда жаппай ЖКО жасаған жүргізуші анықталды
Қостанайда жаппай ЖКО жасаған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеше «Апельсин» гипермаркетінің маңында бірден бес көлік соқтығысты. Жол көлік оқиғасында зардап шеккендер болған жоқ. Полиция жол қозғалысы кептелісін жою, сондай-ақ ЖКО рәсімдеу бойынша шаралар қабылдады.
ЖКО сызбасын жасау, оқиға куәгерлері мен оның қатысушыларына сауалнама жүргізу кезінде соңғы тұрған көліктің жүргізушісі кінәлі екені анықталды. Ол қажетті қашықтықты және жылдамдық режимін сақтамай, ілеспе автокөлікпен соқтығысты. Содан кейін тағы үш көлік бір-біріне соғылды.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік іс жүргізу материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.