Қостанайлық криминалистер Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне сабақ өткізді
Қостанайлық криминалистер Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы Полиция департаментінің криминалистикалық қызметімен танысу мақсатында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің криминалистикалық бөлімінің қызметкерлері үшін теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.
Сабақ облыстық ПД Жедел криминалистикалық басқармасы базасында өтті. Аталған іс-шараның негізгі міндеті – тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында криминалистикалық техникамен жұмыс істеудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын игеру.
Облыстық Полиция департаментінің криминалистері Алишер Искенов пен Амир Алимханов дәріс сабақтарын жүргізіп, ЭТД қызметкерлерін криминалистикалық қызметтің қалыптасу тарихымен таныстырып, қылмыс орнынан іздерді алудың түрлі әдістері туралы айтты.
Оқиға орнында дактилоскопиялық ұнтақ көмегімен қол, аяқ киім, автокөлік құралдарының іздерін және бұзу қаруының іздерін табу және анықтау көрсетілді. Сондай-ақ, полицейлер практика түрінде биологиялық заттарды қалай алу керектігін түсіндірді