Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жоғалған Біржан сал ауданының тұрғынын іздестіруде

Ақмола полицейлері жоғалған Біржан сал ауданының тұрғынын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан сағат 19:49-да Біржан сал ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Үлгі ауылының 35 жастағы тұрғынынан жұбайын 1989 ж.т. Динара Рахимованы іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті, ол ағымдағы жылғы 27 қазанда сағат 16:20-да үйден кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің “адамның жоғалып кетуі” бірыңғай тізілімінде тіркелген. Аталған факті бойынша Біржан сал ауданының және Бурабай ауданының полиция бөлімдерінің жеке құрамы, жұртшылық және оларға берілген күштер жұмылдырылды. Полицейлер қора, шаруашылық құрылыстарын, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстарды тексерді.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттей келе, Д.Рахимова сағат 16:20-да “Степняк-Щучинск” автожолына шығып, жол бойымен Щучинск қаласына қарай бет алғандығы анықталды. Қазіргі уақытта жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Ерекше белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі ірі, шашы қара, ұзындығы орташа, көздері қара, мұрны түзу, ерні жұқа.

Ақ түймелері бар көк түсті су өткізбейтін күрте, бас киімі сұр түсті, “R” әрпі және ақ жолағы бар қара түсті рюкзак, ақ табаны бар қара түсті кроссовки, қара түсті трико киген.

Д. Рахимованың орналасқан жері туралы ақпаратқа ие болғандардың барлығын 8 (716-39) 2-10-02, 2-17-38, 2-15-33 немесе “102” телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру