Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда массаж салондарының бірінде притон анықталды

Қарағандыда массаж салондарының бірінде притон анықталды. Оны ұйымдасқан топ ашқандығы белгілі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

(Притон | 2:44 – 4:02)

Қарағандыда полицейлер қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Аталмыш топ массаж салонында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған.

– Қарағанды қаласында ұзақ уақыт бойы криминалдық бизнеспен айналысқан тұлғалар анықталды. Қылмыскерлер әлеуметтік желілерде жарнама беріп отырған. Олар жалақының көп болатынын айтып, адамдарды алдаған. Кастингтер өткізген, – деді Қарағанды облысы ПД КП аға жедел уәкілі Азамат Сыздықбеков.

Притонды ұйымдастырушылар клиенттер үшін өздерінің бағдарламаларын жиі жаңартып отырған.

Жезөкшелерді іріктеу үшін олар арнайы кастингтер ұйымдастырып, қыздарға жоғары жалақы уәде еткен. Кастингтен өткен қыздардың кейбірі жұмыстың шын мәнінде қандай екенін білсе де бас тартпаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру