Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жұмысқа кешігіп бара жаттым”: жаяу жүргіншілерге жол бермеген павлодарлық анықталды 

Жаяу жүргіншілерге жол бермеген павлодарлық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Павлодар облысында 2 541 жүргізуші жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

27 қазан күні сағат 09.30 шамасында ер адам полицияға қоңырау шалды, ол Н.Назарбаев даңғылы мен Ладожская көшесінің бойындағы жолдан өтпек болғанда, оған Merсedes автокөлігі жол бермегенін айтты. Жаяу жүргіншілер “жолақ жолмен” жүре бастаған кезде көлік жылдамдығын азайтпай, зымырап өтіп кеткен. Сондай-ақ қоңырау шалушы көліктің нөмірін есте сақтап, полицейлерге айтып берді.

Полицейлер аталған тәртіп бұзушыны жедел анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, сондай-ақ профилактикалық әңгіме жүргізді.
Жүргізуші өз әрекеттерін ақтауға тырысты.

– Мен ұйықтап қалғандықтан, жұмысқа кешігіп бара жаттым, сондықтан тез жүруді шештім. Мен адамдар шағымданады деп ойламадым, – деп мойындады павлодарлық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру