Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер алаяқтық схемасын ашты

Қостанайлық полицейлер алаяқтық схемасын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рудный қаласының 30 жастағы тұрғыны өзінің танысына микронесиелік ұйымда алдау жолымен үш онлайн-несие рәсімдеді. Шығын сомасы 300 мыңнан астам теңгені құрады.

Ер адам досынан ұялы телефонын беруді өтінді. Мобильді банкинг қосымшасы арқылы 60 000 теңге сомасына онлайн-несие рәсімдеген.

– Ол өзінің банк картасы бұғатталғанын айтты және жалақыны аудару үшін менің картамның деректерін сұрады. Содан кейін менің шотыма 60 000 теңге түсті, мен оны қолма-қол ақшаға айналдырып, оған бердім, – дейді жәбірленуші.

Кейіннен осындай тәсілмен алаяқ оған 150 000 теңгеден тағы екі онлайн-несие ресімдеді.

Рудныйлық несиелерді рәсімдеу фактілері туралы коллекторлардан пайда болған берешектен кейін ғана білді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында онлайн-несиені жәбірленушінің танысы ресімдегені анықталды, ол мойындады.

– Банкинг қызметтеріне парольдерді орнатыңыз, шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріңіз. Мұндай шаралар мобильді алаяқтықтың әртүрлі түрлерін болдырмауға көмектеседі. Айта кету керек, соңғы уақытта кибер алаяқтардың жаңа схемасының фактілері жиілеп кетті, олар жалған брокерлік биржаларға инвестициялар түрінде біздің азаматтарымызды соңғы ақшаны биткоиндерге аударуға сендіреді. Олардың көпшілігі жалған брокерлердің тарапынан жалған уәделерге сеніп, миллиондаған теңгені несиеге алып, енді өз мүлкін қарызды өтеу үшін сатуға мәжбүр болды, – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Данияр Дандыбаев.

Полиция кезекті рет ешкімге өзінің дербес деректерін, пластикалық карталардың деректемелерін хабарламауды, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтарды, кодтық сөздерді, тіпті банк, полиция, ҰҚК қызметкерлері болып таныстыратын т. б. тұлғаларға бермеуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру